ФИНЛЯНДИЯ «АСТАНА ЭКСПО-2017»
Финляндия логотип ФИНЛЯНДИЯ «АСТАНА ЭКСПО-2017» logo ФИНЛЯНДИЯ - ТАЗА ЭНЕРГИЯ - Sharing pure energy
Pure energy
KFEIG_photo1
KFEIG_logo_NEW2

Білім және Инновациялық Тобы

Қазақстан-Финляндия Білім және Инновациялық Тобы немесе KFEIG, ол төрт Финляндия оқу орындарының Консорциумы. Оған Хяме Қолданбалы Ғылымдар Университеті (HАМК), Лахти Қолданбалы Ғылымдар Университеті (LAMK), Юваскюла Қолданбалы Ғылымдар Университеті (JAMK) және Тампере Ересектерге арналған Білім Беру Орталығы (TAKK) кіреді.

Өңірдің дамуына зор ықпал ететін еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай өз ісінің мамандарын дайындау және ғылыми-зерттеу  мен тәжірибелік жұмыстарын жүргізу KFEIG Консорциумының негізгі бағыттары болып табылады. Консорциум бакалавриат және магистратура дәрежелері деңгейінде білім беру, зерттеулер жүргізу, үздіксіз білім, құзыреттілікке негізделген кәсіптік орта білім және басқа да кеңес беру қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, KFEIG Дүниежүзілік Банк арқылы ауқымды және ұзақ мерзімді халықаралық ынтымақтастық платформасын қамтамасыз ететін білім беру жобаларына қатысады.

200-ден астам жоғары оқу орындары мен кәсіби колледждердің оқытушылары, декандары мен директорлары Консорциум ұйымдастырған бағдарламалар мен семинарларға қатысты. Оқытушылар, директорлар мен сарапшылардың 600-ге жуығы денсаулық сақтау саласы бойынша өткізілген 30 Шеберлік-сағаттарына қатысты. Консорциумның ынтымақтастық серіктестерінің ішінде бірнеше министрлік, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары, сондай-ақ «Халықаралық Бағдарламалар Орталығы» Акционерлік Қоғамы бар.

KFEIG Консорциумының Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуындағы мақсат, ол денсаулық сақтау және білім беру салалары бойынша Қазақстан нарығындағы өз позициясын нығайту, сондай-ақ жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастық серіктестерін табу болып табылады.